Биыл ауданның құрылғанына 80 жыл. Соған орай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мекемеаралық спартакиада бастау алған болатын.
Онда аудан орталығындағы бөлім, мекемелер 8 командаға біріктіріліп, жарыс шымылдығын волейболшылар ашты.
Миялы спорт кешенінде бір айға созылған әуедоп сайысы өткен аптада өз мәрсесіне жетті. Жарыс нәтижесінде барлық қарсыласынан басым түскен орта мектептерден құралған «Жігер» командасы жеңімпаз атанса, аудандық орталық аурухана, «Қазпошта» байланыс торабы, Қызылқоға желілік-техникалық учаскесі қызметкерлерінен құралған «Қайрат» командасы екінші орынды еншіледі. Ал, аудандық полиция бөлімі, сот және «Қызылқоға» газеті редакциясынан құралған «Барыс» командасы соңғы ойында мемлекеттік қызметшілердің «Достық» командасын жеңіп, үшінші орынды иеленді.
Осы аптадан бастап спартакиада кестесіне сай футзалшылар додаға түсуде.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН