Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЛӘҢГІШІЛЕР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Таяуда Ақтөбе қаласында ләңгі тебуден ересектер арасында республикалық турнир болып өтті. Оған Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарынан барлығы алпысқа тарта спортшы  қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бұл сында облыс намысын қорғаған жерлестер жеңістің биік тұғырынан көріне білді. 

Атап айтқанда, жангелдиндік Шерхан Еңсегенұлы өзіне берілген бес минут ішінде   561 ұпай жинап, бірінші орынмен қоса 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болса, миялылық Самат Есқалиев 315 ұпаймен екінші орынды (жүлдесі 150 мың теңге) жеңіп алды. Ал,  «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов үздік бестікті түйіндеп, естелік сыйлықпен марапатталды. Жасы елуден асса да жастардан қалыспай өнер көрсеткен ол осы турнирдің ең қарт қатысушысы екендігін айта кеткен жөн. Бұдан бөлек тағы бір жерлесіміз Нұрлыбек Жұмабеков алпыс қатысушы ішінен алтыншы орынды иеленді. 
Осылайша республикалық турнирде жоғары жетістікке жеткен жерлестер ұлттық ойынның ауданда қаншалықты дамығандығын паш етіп қайтты. Осы орайда, спортшыларды бұл турнирге дайындап, алып барған жаттықтырушы Қуан Ағашиннің де еңбегі зор. 

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521