Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жігер» командасы – жеңімпаз

Наурыз айында «Қызылқоға» футбол федерациясының президенті Бауыржан Досқалиевтің бастамасымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен футзалдан ауылішілік турнир өткізілді.  

screenshot_2

Турнирге қатысушы ойыншылар жеребе бойынша 10 командаға бөлініп, Миялы спорт кешенінде сынға түсті.

Бір айдан астам уақыт өткен дүбірлі дода жақында өз мәресіне жетіп, 9 ойында 23 ұпай жинаған «Жігер» командасы жеңімпаз атанса, олардан екі ұпай кем жинаған «Бейбарыс» командасы екінші орынға қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынды 16 ұпаймен «Жерұйық» командасы еншіледі. Ал, «Жайық» командасының ойыншысы Азамат Құспанов 19 голмен турнирдің үздік сұрмергені атанды. Енді лига ойындары мамыр айында Миялы ауылының кубогімен жалғасын табатын болады.

 

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521