Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ

 Кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі тірегі екені белгілі. Осы орайда Конституцияның жаңа жобасының 29-бабының 4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді.

Монополистiк қызмет заңмен реттеледi немесе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады» деп көрсетілген. Бұл қағида азаматтардың жеке меншігіне, адал кәсіпкерлікпен айналысуына және экономикалық еркіндігіне кепілдік беретін негізгі құқықтық норма. Құжатта көрсетілгендей әркім заңға қайшы келмейтін кез келген іс-әрекетпен айналысуға құқылы. Кәсіпкерлік қызмет тек заң шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл норма мемлекеттің экономиканы дамытуға, жеке бастамаларды қолдауға және меншік құқығын қорғауға бағытталған. Ал монополистік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасымен, атап айтқанда Кәсіпкерлік кодексімен және «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заңдармен қатаң реттеледі және шектеледі. Бұл шаралар нарықтағы бәсекелестікті қорғап, үстем жағдайды асыра пайдалануға тыйым салуды, бағаны негізсіз көтеруді болдырмау бағытындағы тұтынушылардың мүддесін қорғайды.

Оралбек ОТАРБАЕВ,

аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы

 

сурет: adilettv.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT