Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Өткен жылы өңірде егістіктен 150 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Бұл туралы Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламат брифинг барысында баяндады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім сақталған. Мал және өсімдік шаруашылығы бағытында өндіріс көлемі артқан.

Спикердің сөзінше, өткен жылы ірі қара саны 236 мың басқа жетіп, қой-ешкі 596 мың басқа жуықтаған. Жылқы 147 мың, түйе 43 мың басты құрады. Сонымен қатар 55 мың тонна ет, 31,7 мың тонна сүт және 52,8 млн дана жұмыртқа өндірілген.

– Өткен жылы егіс көлемі 9 340 гектарды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайды. Барлығы 148 мың тоннадан астам өнім жиналды. Оның ішінде 72 мың тонна көкөніс, 39 мың тонна бақша өнімдері және 7,9 мың тонна картоп бар. Су үнемдеу технологиялары 9 300 гектар алқапта қолданылып отыр, – деді А.Саламат.

Спикер облыста ветеринариялық қауіпсіздік бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келе жатқандығын да сөз етті. Жыл ішінде ауыл шаруашылығы жануарларына қауіпті 9 түрлі ауруға қарсы екпе жасалды. Жалпы 3,1 млн доза вакцина егіліп, жылдық жоспар толық орындалды.

Бруцеллезді анықтау мақсатында 1 миллионнан астам мал басы тексеруден өтті. Ауру анықталған жағдайларда мал санитариялық талаптарға сай жойылып, індеттің таралуына жол берілмеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда, шалғай елді мекендер де толық қамтылған.

Басқарма басшысы брифингте инвестициялық жобаларға да тоқталды. Өңірде жылыжай кешені, құс фабрикасы, көкөніс сақтау қоймалары мен құрама жем өндіру нысандары іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылған.

Бұдан бөлек балық шаруашылығы саласында 15,5 мың тоннаға жуық балық ауланып, өңдеу көлемі артқан. Өңірде тауарлы балық өсірумен айналысатын 5 шаруашылық жұмыс істеп тұр.

Жер қатынастары бағытында пайдаланылмай жатқан 61,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, 78,6 мың гектар жер конкурс арқылы жаңа пайдаланушыларға берілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT