Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраудағы келешек мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті

Атырау облысының Білім беру басқармасы мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Жұлдыз мөлтек ауданындағы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен Атырау облысы Полиция департаментінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткінің зиянын түсіндіру, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдарын үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында білікті спикерлер қатысушыларға заң талаптарын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жан-жақты ақпарат берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT