Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Армрестлингтен Атырау ардагерлері Азия чемпионы атанды

Атыраудың ардагер спортшылары армрестлингтен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

«Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында 24-26 сәуірде армрестлингтен жастар, ересектер және ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Сайысқа 14 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. Атыраулық ардагер спортшылар құрлық додасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, Алмагүл Қанатова 80 келі, Рахия Молдашева 80 келіден жоғары салмақта Азия чемпионы атанды. Ал Константин Тарабрин 70 келіде күміс жүлдеге ие болды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521