Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «Акселератор НКО Qabilet» жобасы қорытындыланды: идеядан нақты өзгерістерге дейін

Атырау қаласының Азаматтық орталығында әлеуметтік жоба «Акселератор НКО Qabilet» бойынша қорытынды шара өтті. Жоба «Qabilet» қоғамдық қоры тарапынан 2025 жылы Құлсары және Атырау қалаларында "Теңізшевройл" ЖШС-нің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде акселератор тек білім беру бағдарламасы ғана емес, аймақтың бірнеше ондаған белсенді тұрғындары үшін өсудің маңызды алаңына айналды.


Жобаны жүзеге асыру барысында:
* 110 өтінім қабылданды;
* 54 қатысушы оқудан өтті;
* 31 әлеуметтік жоба дайындалды;
* 14 қатысушы Астана мен Алматыда тағылымдамадан өтіп, 13 ЖҚҚ қызметімен танысты;
* 8 қатысушы грант жеңімпаздары атанды.

Жоба аясында 30 іс-шара өтті — тренингтер, мастер-класстар, вебинарлар, кездесулер. 24 оқу сессиясы ұйымдастырылып, 60-тан астам жеке консультация берілді. Қатысушылар стратегиялық жоспарлау, фандрайзинг, команда басқару, әлеуметтік бастамаларды әзірлеу, SMM және PR бойынша дағдыларын жетілдірді.

Ең есте қаларлық оқиғалардың бірі — белсенді қатысушылардың Астана мен Алматыға сапары болды. Олар ірі және тәжірибелі ұйымдардың жұмысымен танысып,  өз жобаларын жүзеге асыруға  мотивация алды.

Бибигүл Молдағалиева - осы жобаның белсенді қатысушысының бірі. 
«Жоба аясында әлеуметтік бастамалардың қалай ұйымдастырылатынын түсінуге мүмкіндік алдым Бұл мені өз жобаларымды құруға және қоғам өміріне белсенді қатысуға шабыттандырды» дейді ол.

"Теңізшевройл" ЖШС мемлекеттік және қоғамдық байланыстар жөніндегі бас менеджерінің орынбасары Хеймиш Полс жобаның азаматтық қоғамның дамуына оң ықпалы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, мықты және кәсіби ұйымдар әлеуметтік капиталды қалыптастырады, азаматтардың қатысуын арттырады және ұзақ мерзімді оң өзгерістер туғызады. 

Бибигүл Молдағалиева жобаға қатыспас бұрын әлеуметтік бастамалар саласы туралы мүлде білмегенін айтты.

«Акселераторда мен жобаларды жазуды, аудиториямен жұмыс жасауды, серіктестіктер құруды үйрендім. «Qoldau» жобасы аясында «Үміт сәулесі» жобасын жасап, 1 000 000 теңге грантқа ие болдым. 2025 жылғы желтоқсанда «Айқын-ой» қоғамдық қорын ресми тіркедім», — деді ол.

"Qabilet" ҚҚ директоры Алтынгүл Атабаеваның айтуынша,  бұл іс-шара  қорытынды есеп қана емес, нақты өзгерістерді көрсету болды. Біз қатысушылардың идеядан әрекетке қалай өтіп жатқанын көрдік. Қатысушылар жаңа бастамаларды іске асырады, жобалар жазады, қаржы тартады. Негізгі жетістік — адамдардың қоғамды өзгерте алатынына сенімділігі» дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT