Конституциялық реформа ең алдымен адам құқықтарын басты құндылық ретінде айқындап, әр азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған.
Бұл мемлекет саясатының адамға бағдарланғанын көрсетеді. Конституцияның басты құндылығы – заң үстемдігін қамтамасыз етуі және мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуы. Сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен келісімге ерекше мән берілуі ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара түсінікті нығайтады. Бұл ортақ мақсаттар жолында халықты біріктіретін маңызды қағида болып табылады. Әділеттілік пен заңның үстемдігі, сондай-ақ халықтың биліктің қайнар көзі ретінде танылуы мемлекеттің демократиялық негізін күшейтеді. Мұның барлығы елдің болашағына деген сенімді арттырады.
Абат АҚБАЛАШҰЛЫ,
Ойыл ауылдық округінің әкімі




