Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Түркия елінен күміс жүлде

Түркия елінің Анталия қаласында парадзюдодан «Әлемдік Гран При» жарысы өтті. Бұл сында Қазақстан құрамасы екі қола, бір күміс және  бір алтын алқаға ие болып, командалық есепте үшінші орынды иеленді.

Айталық, J2  санатында 90 келі салмақта қазақ парадзюдосы тарихында Әлемдік Гран При жарысының алтын  медалін Жанбота Аманжол иемденсе, ал одан тек ақтық айқаста жеңіліс тапқан жерлесіміз Ғалымжан Смағұлұлы күміс медальға ие болды. Бұған қоса, 73 келі салмақта Азамат Нохушев пен +90 келі салмақтағы  Дулат Бөгенбаев қола медальға қол жеткізді. Осы орайда, жерлес балуан Ғалымжан Смағұлұлы:

- Әрине, жарысқа деген дайындығым, жарыстың өту барысы жоғары деңгейде болды. Бірінші  кездесуде рейтингте тұрған Солтүстік Африкалық балуанмен шықтым. Екінші кездесуім өз бабында тұрған өзбек балуанымен 3 минут  20 секундқа созылып, вазари  әдісімен жеңіске жеттім. Ақтық сында өзіміздің қандасымыз Жанбота Аманжол балуаннан ұтылдым. Алдағы уақытта, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Гран-При Нұр-сұлтан – 2022» жарысына дайындық үстіндеміз. Одан соң, биылғы жылдың басты додасы Азия ойындары мен Әлем чемпионатына дайындаламыз, - деп ағынан жарылды.

Ендеше, жерлесімізге тек жеңіс тілейміз.  

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521