Жаңа Конституция жобасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға, олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасауға ерекше мән берілуі – мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін айқын көрсететін маңызды қадам деп санаймын. Қоғамның өркениеттілігі ең алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қамқорлығымен өлшенеді.
Конституциялық деңгейде тең құқықтар, кемсітушілікке жол бермеу, қолжетімді орта қалыптастыру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл оларды тек әлеуметтік көмек алушы ретінде емес, қоғамның белсенді әрі тең мүшесі ретінде тануға жол ашады. Жаңа Конституциядағы осы бағыт мүгедектігі бар азаматтардың білім алуына, еңбек етуіне, медициналық және әлеуметтік қызметтерге кедергісіз қол жеткізуіне құқықтық негіз қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл қоғамда өзара түсіністік пен адамгершілік құндылықтарды нығайтады. Жаңа Конституция жобасындағы мүгедектігі бар адамдарға қатысты баптарды толық қолдаймын. Себебі әрбір азаматтың қадір-қасиеті қорғалған елде ғана әділетті, инклюзивті және тұрақты қоғам қалыптасады деп есептеймін.
Гаухар ҚАНАШЕВА,
жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің басшысы




