Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІМПАЗ

Жақында Ақтау қаласында жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай, қазақ күресінен республикалық турнир өтті.

Бұл жарысқа еліміздің әр түкпірінен кіл мықтылар жиналды.

Міне, сол жарыста Айболат Ыстыбай (66 келі салмақта) мен миялылық Сұңғат Закарияев (82 келіден жоғары салмақта) облыс намысын қорғады. Алдымен бірінші болып жарыс жолына шыққан мұқырлық Айболат барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Ал, түйе балуан атағын сарапқа салған сайыста Сұңғат Закарияевтың мерейі үстем болды. Алғашқы кездесуде оралдық қарсыласын тізе бүктірген Сұңғат ширек финалда ақтаулық балуанды, жартылай финалда шымкенттік балуанды қапы қалдырды. Ақтық бәсекеде тағы бір ақтаулық балуанның жауырынын жер иіскетті.

Нұрәділ ТЕМІРБЕКҰЛЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT