Атырау қаласында қазақ күресінен «Жас барыс» республикалық турниріне іріктеу кезеңі болып өтті.
Сол турнирде Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды. Айталық, Айжарық Сансызбай (46 келі, Сағыз), Ғанибет Зейін (50 келі, Көздіғара) Әбілхан Қосшы (55 келі, Көздіғара), Бекбол Мұқашевтар (76 келі, Миялы) барлық қарсыластарынан басым түсіп, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.
Ал, Азат Рашидов (42 келі, Жангелдин), Бағытжан Нәрешов (55 келі, Миялы), Махамбет Серікқалилар (76 келі, Миялы) екінші орынға ие болса, Қайсар Жәрдем (38 келі, Жангелдин), Ақылбек Кенжебайұлы (42 келі, Миялы), Айбар Алғазы (42 келі, Миялы), Ернар Еламанұлы (42 келі, Көздіғара), Мәди Кеңес (46 келі, Сағыз), Қайрат Мираш (50 келі, Миялы), Әл-фараби Нұржан (55 келі, Миялы), Азамат Тілеков (66 келі, Миялы), Диас Қайырлар (66 келі, Көздіғара) үшінші орынды иеленді.
Ендеше облыс намысын қорғайтын балуандарға сәттілік тілейміз.
Нұрәділ ЕЛАМАН