Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН КОМАНДАСЫ АБЫРОЙДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Құрманғазы ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті.

Аталмыш сайысқа аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов бастаған мемлекеттік қызметшілер қатысып, командалық есепте екінші орынға ие болды. Сайыста мемлекеттік қызметшілер үстел теннисі, волейбол, дойбы, тоғызқұмалақ, стритбол (көше баскетболы), футбол сынды спорттың алты түрінен бақ сынады.

– Спартакиада да аудан командасы үздік нәтижеге қол жеткізді деп ойлаймын. Тек футбол жарысында бізге аздаған сәттіліктер жетіспеді. Бірақ, команда бірлігі мен шебер дайындық арқасында қалған спорт түрлерінен жүлдеге ие болдық. Қазір ауданымызда біздің бөлімшенің ұйымдастыруымен көшеаралық волейбол лигасы өтіп жатыр. Біздің командаластар да аталмыш додада бақ сынауда. Міне, бүгін волейбол жарысында жүлдегер атануымызға аталмыш лиганың септігі тиді деп ойлаймын, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев.

 

Нұрәділ БИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521