Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨШЕАРАЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Өткен айда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бастау алған волейболдан көшеаралық «Миялы Лигасы» ойындары өз мәресіне жетті.

Аталмыш лигада, жеке кәсіпкер Октябрь Нұрадиновтың демеушілігімен құрылған «Керуен» командасы жеңімпаз атанды. Айта кету керек, Миялы спорт кешенінде өткен тартысты доданың әр ойыны көрерменге лық толы болды. Онда Миялы ауылының әр ықшам аудандарынан құралған жеті команда жарыс жолында күш сынасты. Екінші орынды «Телевишка» командасы қанжығасына байласа, үшінші орын «Автобаза» командасына бұйырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта аталмыш лига өзге спорт түрлерімен жалғасады.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521