Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жастар арасында "Миялы лигасы" өтті

Тамыз айының басында аудан жастарының бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында кіші аяқ добынан тұңғыш рет «Миялы лигасы» өтті.

 

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен турнирге барлығы 12 команда қатысып, олар айналмалы жүйеде бір-бірімен кездесіп шықты. Лига ойындары өткен аптаның бейсенбісі күні қорытындыланып, жарыс нәтижесінде он бір ойынның сегізінде жеңіске жеткен «Миялы-1991» командасы жеңімпаз атанса, одан бір ұпай қалып қойған «Достар-1993» командасы екінші, жас та болса жақсы ойынымен көзге түскен «Қызылқоға-1998» құрамасы үшінші орынды иеленді. Сол күні ойын үздіктері де ұлығыланып, Рақымжан Бауыржанұлы «Үздік қақпашы», Амангелді Бердіқұлов «Үздік қорғаушы», Заманбек Сәуірбай «Үздік гол» номинацияларымен марапатталса, жарыстың «Үздік ойыншысы» болып Айбол Ғаниев танылды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев пен Миялы спорт кешенінің меңгерушісі Абай Таласбаев диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Айта кетейік, жүлдегер атанған командалар өздеріне берілген қаржылай сыйақыларын ауырып жатқан Кәусар Берікқызының еміне аударып, тек спортшы емес кең пейілді азамат екендіктерін дәлелдеді.

Дулат МӘТЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT