Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жарайсыңдар, жерлестер!

Таяуда Атырау қаласында облыс бойынша жайдарман ойыншыларының арасында кіші аяқ доптан «Jaidarman cup» турнирі өтті. Турнирге «Атырау ардагер», «Халел АГУ», «Абзал жандар», «ПСК», «Гурьев», «Құтқарушылар», «Зинеден», «Тема» «Индер» және «Қызылқоға» құрамалары қатысты.

«А» тобында өнер көрсеткен «Қызылқоға» командасы «Атырау ардагер», «Халел АГУ», «Құтқарушылар» және «Тема» командаларын ұтып, ширек финалда «Зинеден» командасымен кездесті. Негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальтида 5:4 есебімен қызылқоғалықтар жеңіске жетті. Ақтық сында индерліктермен кездескен жерлестеріміз негізгі ойында тағы да тең түскенімен пенальти сериясында ұтылып, ІІ орынды иеленді.

«Құтқарушылар» командасының құрамында өнер көрсеткен қызылқоғалық кіші аяқ доп шебері Парасат Бағытжанұлы турнирдің «Үздік ойыншысы», ал «Қызылқоға» командасының ойыншысы Нұрбол Бижанов «Үздік қақпашы» атағын иеленді.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521