Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нұрлыбек қарсылас шақ келтірмеді

Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан облыстық чемпионат өтті. Ғабит Сәрсенғалиев жетекшілік ететін аудан командасы аталмыш сайыста ядро итеру, найза және  диск лақтыруда сынға түсіп жақсы нәтижеге  қол жеткізді.

Мүгедектіктігіне байланысты санаттары бойынша сынға түскен миялылық Махамбет Серікқалиев ядро итеру, найза және  диск лақтырудан ІІІ орынды иеленсе, Сұлтан Махым найза лақтыру мен ядро итеруден І  орынды, ал диск лақтырудан ІІ орынды, Гүлсағима Сауытова ядро итеруде ІІ орынды, диск және найза лақтыру сайыстарында ІІІ орынды иеленді. Ал, сағыздық Нұрлыбек Исатаев аталған сайыстардың барлығынан, яғни ядро итеру, найза және  диск лақтырудан жоғары көрсеткішке ие болып, І орынды жеңіп алды. Алдағы уақытта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңіл атлетшілер республикалық чемпионатқа қатысады.

 

 

Бауыржан САҚТАСИНОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521