Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық қос палуанның қоласы

Жақында Қостанай қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы сарапқа салынды.

Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 300-ге тарта балуан қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұл сында облыс намысын қорғаған жерлестеріміз аянып қалмады. Жарыстың алғашқы күні 90 келі салмақта белдескен Руслан Ізғалиев алғашқы белдесуінде кілем иесін ұтқанымен артынша шығыс қазақстандық балуанға жол берді. Ал, жұбаныш белдесуде Солтүстік Қазақстан облысының, үшінші орын үшін болған тартыста Ақтөбе облысының балуанын жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

eeb8e19f-3a56-44be-9120-3fa719ea8721

Жарыстың екінші күнінде де олжасыз қалмадық. 55 келіде сынға түскен Бекет Жүніс Қарағанды, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының балуандарын жеңгенімен жартылай финалда тағы бір қарағандылық балуанға есе жіберді. Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде Нұр-Сұлтан қаласының балуанынан басым түсті. Сөйтіп, байрақты бәсекеде қос қоланы қанжығасына байлаған жерлестер енді ел құрамасына алынып, Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады. Екеуі де Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Ал, балуандарды аталмыш жарысқа дайындап, алып барған жерлесіміз Айбек Серғазиевтің де еңбегі зор.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521