Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАНГЕЛДИНДІКТЕР ДЕС БЕРМЕДІ

қайырымдылық турнир
қайырымдылық турнир

Миялы спорт кешенінде ауыр дертке шалдыққан жерлесіміз Абзал Бисеновтің еміне қажетті қаржыны жинау мақсатында қайырымдылық турнирі өтті. Жангелдин ауылы жастарының ұйымдастыруымен өткен турнирге Сағыз, Мұқыр, Жангелдин, Ойыл, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға, Тайсойған ауылдық округтерінен барлығы 11 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатынан соң командалар жеребе бойынша үш топқа бөлініп, тартысты турнирді бастап кетті. Тартысты өткен турнирдің нәтижесінде жангелдиндік жастар финалда миялылықтарды 2:1 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанса, үшінші орын үшін болған тартыста Сағыз ауылының командасы мұқырлықтардан басым түсті.Сондай-ақ, «Үздік қорғаушы» атағына  Рамазан Шахиев (Миялы) лайық деп танылса, «Үздік шабуылшы» атағы Жандос Төлеуғалиевқа (Мұқыр) берілді. Ал, жарыстың «Үздік ойыншысы» атағына Ерасыл Жылқыбай (Жангелдин) ие болды. Жарыс соңында ұйымдастырушылар турнирге қатысушылардан жиналған 482 мың теңге қаржыны ауыр дертке шалдыққан жерлесіміз Абзал Бисеновтің туысына табыстады.

Дулат ҒҰБАЙДОЛЛА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521