Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерсін — ел біріншілігінің жеңімпазы

Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл сында 60 келі салмақта облыс намысын қорғаған миялылық Ерсін Болатов алғашқы белдесулерінде Абай облысы, Шымкент және Алматы қалаларының балуандарын ұтса, жартылай финалда шығысқазақстандық қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша ақтық сынға алқынбай шыққан Ерсін финалдық бәсекеде Батыс Қазақстан облысының балуанынан басым түсіп ел чемпионы атанды. Осы жетістігі арқылы дзюдо күресінен «Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағын иеленген ол ел құрамасының нөмірі бірінші спортшысы есебінде Азия және Әлем чемпионатында белдесуге мүмкіндік алды. Кішкентай кезінде ойнап жүріп алған жарақаты салдарынан есту қабілеті зақымданған Ерсін соған қарамастан спорт айналысуды шешіп, алғашында Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Роман Майлашовтан күрестің әліппесін үйренсе, қазіргі таңда даңқты балуан Асхат Тельмановтың қол астында жаттығып жүр. Ендеше Ерсін балуанға алдағы байрақты бәсекеде тек қана сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521