Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСТЕР ҚОРЖЫНЫНДА – ТӨРТ АЛТЫН

облыстық біріншілік өтті
облыстық біріншілік өтті

Атырау қаласында кір тасын көтеруден облыстық біріншілік өтті. Оған Құрманғазы, Исатай, Мақат, Қызылқоға, Махамбет аудандары мен Атырау қаласынан білек күші саулаған кіл мықты қатысып, жеті салмақ бойынша сынға түсті. Бұл сында аудан намысын қорғаған Жамбыл және Сағыз ауылдық округінің кір тасын көтерушілері абыроймен оралды.

Айталық, 63 келіде Елнұр Жалғас, 68 келіде Ернұр Шәріп, 73 келіде Айболат Бисенбаев, +95 келіде Ришат Ғалиахметовтер алтыннан алқа тақса, 78 келіде Ғасырбек Нұржан, 85 келіде Айбол Айтқожа, 85 келіде Қайсар Бағытжандар  екінші орынға, 95 келіде Қайсар Бағытжан үшінші орынға ие болды.  Сөйтіп, командалық есепте бірінші орынға қол жеткізді. Ал, алтын алқаға ие болған төрт жерлесіміз ақпан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігінде облыс намысын қорғайды. Ендеше, жерлестерге жеңісті жорық жалғаса берсін демекпіз.

Дулат МӘТЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521