Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық спортшылар жүлдемен оралды

Ақтөбе қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық жас палуан қатысты. Барған жарысынан жүлдесіз қайтпайтын жерлестеріміз бұл додадан да жеңіс туын желбіретіп қайтты.

Айталық, жарыстың алғашқы күні 55 келіде ақтық сынға дейін барлық қарсыластарын жеңіп келген Жәнібек Тельманов финалда жергілікті палуанға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Ал, 60 келі салмақта сынға түскен қос жерлесіміз Бекарыс Мұратұлы мен Бағытжан Нарешов кездескен қарсыластарының бәрін жеңіп, екеуі ақтық сында кездесті. Финалдық бәсекеде Бекарыстың бағы басым болып, жарыс жеңімпазы атанса, Бағытжан екінші орынды еншіледі. Осылайша Бекарыс Мұратұлы қазақ күресінен«Қазақстан Республикасының спорт шебері» атанды. Сондай-ақ, аталмыш додада 78 келіде сынға түскен Сағыз ауылының тумасы Арманжан Аралұлы екінші орынға қол жеткізді. Жас палуандарды аталмыш додаға дайындап алып барған Айбек Серғазиев пен Жандос Тілекбаевтың еңбегі зор.

 

Дулат ҒҰБАЙДОЛЛА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521