Таяуда Атырау қаласында волейболдан қыздар арасында ұлттық мектеп лигасының облыстық сайысы өтті.
Оған аудандар мен Атырау қаласынан барлығы сегіз команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Аталмыш жарыста аудан намысын қорғаған бұрымдылар іріктеу сынында Исатай, Махамбет ауданы құрамаларын ұтып, Жылыой ауданының командасына жол берді. Ал, үшінші орын үшін болған бәсекеде Құрманғазы ауданы құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Аталмыш жарыста жерлестер арасында Айкөркем Қанатқызы, Әйгерім Әбдиева, Айкөркем Ешмұхандар үздік ойынымен көзге түсті. Осы орайда, жерлес команданы жарысқа дайындаған Айбол Ысқақов пен Руслан Нұрғалиевтердің еңбегі зор.
Дулат МӘТЖАН