Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайыпқырандар жеңіс тұғырында

Жақында джиу-джитсу спортын кеңінен насихаттап, облыс құрамасын жасақтау мақсатында жасөспірімдер арасында облыстық іріктеу чемпионаты болып өтті.

Бұл сайыста сағыздық жас спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатты.

Атап айтсақ, неваза түрі бойынша Бекзат Мағзом (65 келі), Тұманбай Сералы (55 келі), Жеңісбек Қыдырбай (46 келі), Ерасыл Тыныштықтар (46 келі) І орынды жеңіп алса, Берікболсын Жанболат (46 келі), Жансерік Мақсот (34 келі), Азамат Мағзомдар (42 келі) ІІ орынға, Дидар Кеңес (46 келі) пен Нұрхат Қазақбай (34 келі) ІІІ орынға қол жеткізді.

Ал, файтинг түрі бойынша Берікболсын Жанболат 46 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болса, Ерасыл Тыныштық, Әнуар Жалғасбаев, Сералы Түменбай ІІ орынды иемденді. Сондай-ақ, тартысты додада Елеусін Ақниет, Арсен Жоламан, Азамат Мағзомдар ІІІ орынды еншіледі.

Осы орайда, жас спортшыларды жарысқа дайындаған джиу-джитсу үйірмесінің жаттықтырушысы Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі зор.

Гүлмира ТІЛЕГЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT