Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

     Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан барлық жас санатындағы джиу-джитсудан Әлем чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болды.

daryn__
    Айта кетсек, 38 келі салмақта сынға түскен миялылық Дарын Алғазы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алғашқы қарсыласы италяндық спортшыны таза ұтқан Дарын жартылай финалда атыраулық джиу-джитсу шеберімен кездесіп, оны ұпай санымен ұтады. Алайда, финалдағы қарсыласы тағы бір Атырау қаласының балуаны Болашақ Сүйекеновке есе жіберіп, чемпионаттың күміс медалін иеленді. Айта кетсек, Дарын бұған дейін де Алматы облысында өткен ел чемпионатының ақтық сынында атыраулық спортшы Болашақ Сүйекеновке есе жіберген болатын.

ibrat_Ал, 56 келі салмақта сынға түскен сағыздық Ғибрат Әмірше Босния және Герцеговина, Нидерланды елдерінің балуандарын ұтқанымен, италяндық спортшыдан ұтылып қалды. Алайда, үшінші орын үшін болған кездесуде тағы бір италяндық балуанды таза жеңіп, қола медальға ие болды. Осылайша, жерлес жас спортшылар ұлттық құрама намысын абыроймен қорғап, ел қоржынына күміс пен қола жүлде әкелді.
    Ендеше, ел намысын қорғауда қайсарлық пен ептіліктің, кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткен Дарын мен Ғибратты жеңістерімен құттықтай отырып, жаттықтырушылары Бектұр Тынышқали мен Аманжол Бекбаулиевтерге еңбектерің жана берсін демекпіз.


Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521