Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ БАЛУАН

    Газетіміздің өткен санында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан Әлем чемпионатында 38 келі салмақта миялылық Дарын Алғазы күміс медаль иеленгенін жазған болатынбыз. Өткен аптаның жексенбісі күні туған жері Миялыға келген Дарынды ауыл шетінен Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиев, спорт мектебінің жаттықтырушылары мен шәкірттері, ұстаздары мен сыныптастары, бауырлары шашу шашып қарсы алды.

   img_0339      Олар еліміздің абыройын асқақтатып келген Дарынды жеңісімен құттықтап, деніне саулық, алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестіктерін білдірді.
    Ауылдастарының ыстық ықыласына риза болған Дарын:
    – Баршаңыздың ақ пейілдеріңізге алғысым шексіз. Джиу-джитсумен айналысқаныма бір жыл болғанымен осындай жетістікке жетуім сіздердің арқаларыңыз. Әсіресе жаттықтырушым Бектұрдың еңбегі зор. Күміс жүлде де аз олжа емес, дегенмен алтынның аты алтын ғой. Сондықтан алдағы уақытта бірінші орыннан көріну үшін тер төге жаттығуым керек, - деді.
    Б.Аманшин атындағы орта мектебінің 9-сыныбында оқитын Дарын осылайша өзімен бірге жаттығатын жас балуандарға үлгі болып, байрақты бәсекелерде, аудан, облыс, республика намысын абыроймен қорғап келеді.

Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521