Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған самбодан халықаралық турнир басталды

Атырауда еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған самбодан алтыншы Халықаралық жасөспірімдер турнирі басталды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 300 спортшы қатысып жатқан турир биыл алтыншы рет өткізілуде.

- Халықаралық турнир жыл сайын облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының қолдауымен өткізіледі. Біздің мақсатымыз - самбоны насихаттау, дамыту және қазіргі жастарды осы спорт түріне тарту, деді турнир ұйымдастырушысы Қайрат Досқалиев.

Ал, жарысқа қатысушы жерлес спортшыларымыздың мақсаты – чемпион болу.

-Самбо олимпиадалық спорт түрі емес. Бірақ жыл сайын жастардың осы спорт түріне деген қызығушылығы артып келеді. Турнирге бір ай бойы дайындалдым. Бүгін мен 38 кг салмақ дәрежесінде сынға түсемін, менің мақсатым - чемпион болу және Қазақстанның Туын көтеру, деді қатысушысы Серікқали Әсет.

Айта кетейік, Қошқарбай Табынбаев 1960 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген. Ол аймақтағы самбо мектебінің негізін қалаушы. Сондай-ақ, Қазақстанда және шетелде бірнеше спортшылар тәрбиелеп өсірген бапкер. Олардың арасында Бисенбай Қошқаров, Болат Жұмабаев, Ринат Ибрагимов және ағайынды Арман, Амантай, Нұрлан Үсиевтер бар. Аталған турнир екі күнге созылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521