Нұр-Сұлтан қаласында дзюдо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Респбликасының чемпионаты өтті. Бес санат бойынша өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300- ге жуық палуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың алғашқы күні 30-34 жас санаты бойынша 100 келі салмақта белдескен Дулат Багенов Астана қаласы, Қарағанды, Қызылорда облыстарының балуанын ұтып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал, 40-44 жас санаты бойынша 73 келіде өнер көрсеткен Рауан Шакиев алғашқы белдесуінде өскемендік балуанға есе жібергенімен қалған кездесулерінде Алматы, Қызылорда облыстарының балуандарын жеңіп, үшінші орынға ие болды. Осылайша ел чемпионатында жүлделі орыннан көрінген қос жерлесіміз қыркүйек айында Польша елінде өтетін ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Дулат Ғұбайдуллин