Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада спортшыларға құрмет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімді жұмсалмайды. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және, әрине, балаларға басымдық беру керек», - деген болатын.

bf0b99f7-b14c-40ae-90e9-15801707681d


Бұл ретте, абырой биігіне көтерілген аудан спортшыларының жеткен жетістігі көз қуантарлық. Ендеше, оларды төл мереке қарсаңында құрметке бөлеп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге етсе керемет емес пе?! Осы орайда, Ойыл ауылдық округінде спортшыларға арналған салтанатты шара болып өтті.

Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов:

- Құрметті, спортшылар Сіздерді бүгінгі мерекемен аудан әкімі атынан құттықтай отырып, алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болсын! Ал, ардагерлеріміздің төккен тері, аудан мерейін өсірген еңбектері шәкірттерінің жетістіктерімен еселене берсін, - деген ақжарма тілегін білдіріп, таяуда облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған гір спортынан Азия чемпионы Ришат Ғалиахметовке жерлестері атынан тағы бір мәрте құрмет көрсетіліп, сыйлық табыстады. Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатымен Ғибрат Әмірше, Аманжол Бекбаулиев, Бауыржан Досқалиев, Бүркіт Орынбасаров, Ертай Ерғалиев, Жомарт Есетовтер марапатталса, Қайсар Бағытжан, Елнұр Жалғасұлы, Нұржан Ғасырбек, Айбол Ысқақов, Руслан Нұрғалиев, Бекзат Өтешов, Еркенұр Қуаттар  аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

09aecbf9-aec3-4393-ae78-68000b242634

Сонымен қатар, аудан спортының дамуына жанашыр болып жүрген Құспанғали Орысбаев, Қуан Ағашин, Мұрат Сұлтанов, Ризабек Амантайұлы, Бауыржан Жалғасбаевтар «Спорт жанашыры» сыйлығымен мадақталса, спорт саласына еңбегі сіңген Мәлік Сүлейменов, Рахмет Ғалиахметов, Шойын Ізімқұл, Оңай Құмаров, Амангелді Сақтағановтарға арнайы құрмет көрсетілді.

16a60a8b-1c92-4593-a721-13ef6e416043

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңімпаз атанған Елтай Есжанов, Базарбай Теміржанов, Нұртас Есенбаев, Әділғали Қосаев, Әбілмәжін Сәрсенғалиев және «Қызылқоға» газетінің тілшісі Бауыржан Бердіғалиевтер алғыс хатпен мадақталды.

8ccbac9f-9b59-43e7-8574-d38ca7ae4b71

8a32443c-0c82-4031-88c4-9764f015dcf4
Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көрерменді бір серпілтіп тастады.

 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521