Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағызда спорт алаңы ашылды

Әрдайым, салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спорттың мәнін арттыру парыз.

Осы орайда, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы шеңберінде Сағыз ауылында жаңа бір спорт алаңының тұсауы кесілді.

af25640b-37d2-41fc-8bb2-4f185bd9e885

"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасымен басталған бұл алаңды мердігер "Жайық сити" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 ай мерзімінде бітіріп, халықтың игілігіне ұсынды. Спорт алаңның ашылу салтанатында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығыметов құттықтау сөз сөйлесе, Темір жол саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқтарқұл Нұғыманов пен спорт ардагері Ақниет Жанбосынов жаңа спорт алаңының лентасын қиды. Қазақы дәстүрмен әжелер шашу шашты. Одан кейін футболдан жолдастық кездесу өткізіліп, Сағыз ауылдық округінің әкімі Өтепберген Әділов жолдастық кездесудің алғашқы добын тепті. Сөйтіп, сыңғырлаған алғашқы қоңырау соғылған күні пайдалануға берілген спорт алаңы ауыл тұрғындарының көңілдерін бір көтеріп тастады.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521