Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық боксшылар жүлдемен оралды

Атырау қаласында 2007-2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионатына Батыс аймақтық іріктеу кезеңі өтті.

Аталмыш жарысқа қатысқан Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты Сағыз спорт кешенінің боксшылары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 54 келі салмақта бақ сынаған Райымбек Ильяс пен 64 келі салмақта рингке шыққан Әбілхан Мұхтарұлы (екеуі де №9 орта мектебінің оқушысы) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, ІІІ орынды иеленді. Олардың жаттықтырушысы Еркін Тұрғановтың айтуынша, бұған дейін төрт рет жарысқа қатысқан жас боксшы Райымбек жүлделі орындардан көрініп жүрсе, осыдан үш ай бұрын бокс үйірмесіне келген Әбілханның алғашқы жарысы.

Осындай сайыстар арқылы тәжірибе жинақтайтын жас боксшылардан күтер үміт көп. Ендеше, спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, аудан мерейін асқақтатар жеңісті сәттеріңіз көп болсын дейміз.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT