Өткен аптаның аяғында «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» Атырау қалалық филиалының ұйымдастыруымен футзалдан облыстық «Мәдениет лигасы» турнирінің екі кезеңі өтті.
Турнирге белгілі спортшы Бауыржан Досқалиев жасақтап, дайындаған аудан командасының құрамасы «Атырау» және «Аманат KZ» командаларын ұтып, алғашқы ойындарды жеңіспен бастады. Нақтырақ айтқанда, бірінші кезеңде «Атырау» командасын 3:2 есебімен (гол соққандар: Ш.Серікұлы, С.Оқас, Т.Қами) ұтса, келесі ойында «Аманат KZ» командасының қақпасына қайтарымсыз үш доп (Ш.Серікұлы, С.Оқас, Б.Өтешов) соқты. Сөйтіп, екі команданы ұтқан қызылқоғалық аяқ доп шеберлері келесі ойындарға дайындалуда.
Бауыржан САҚТАСИНОВ