Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қоржында қос жолдама

Таяуда Атырау қаласында өткен қазақ күресінен 2006-2007 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына облыстық іріктеу кезеңіне аудан балуандары да қатысып, бақтарын сынады.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылған сайыста Жаңашаруа орта мектебінің оқушысы Азамат Дәулетбай (38 келі) мен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Ерасыл Құтжандар (60 келі) өз салмақтары бойынша І орынды жеңіп алды. Боз кілемде бес белдесуден өткізген Азамат пен Ерасыл барлық қарсыластарын таза ұтып, ақпан айының аяғында ұйымдастырылып жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

Енді аудан командасына жалпыкомандалық есепте исатайлық спортшылардан кейін ІІ орын алуына септігін тигізген қос балуан Ақтөбе қаласында екі апталық оқу-жаттығу жиынынан соң Нұр-Сұлтан қаласына жол тартады.

Бұл ретте, оларды дайындаған белгілі бапкерлер Жандос Тілекбаев пен Жарасқан Ізімқұловтың еңбектері зор екенін айта кеткен жөн.

Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT