Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық кикбоксер Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды

Түркияның Кония қаласында 9-18 тамыз аралығында V Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Ислам ынтымақтастығы ойындары - Ислам Конференциясы ұйымы елдерінің үздік спортшыларын қамтитын халықаралық спорттық іс-шара.

Қазіргі уақытта он алты спорт түрінен 125 спортшымыз республикамыздың намысын қорғауда. Осы ретте атыраулық Н.Жұмабаев кикбоксингтен алтын медальге қол жеткізді. Ол 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.

- Кикбоксинг Ислам ойындарына алғаш рет қатыстырылып отыр. Жарыстың үшінші күні кикбоксингтен турнир басталды. Бұл жарысқа мен екі апта дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, - деді Н.Жұмабаев.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастық ойындары осымен бесінші рет өткізіліп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521