Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Волейболшы қыздар облысты мойындатты

Жақында Атырау қаласында спорттың 26 түрінен мектеп оқушылары арасында облыстық спартакиада өтті. Оған қызылқоғалық оқушылар да қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде, тоғызқұмалақ ойынында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп пен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары ІІ орынды иеленді. Өз кезегінде финалдық ойынға шыққан тайсойғандық волейболдан ұлдар командасы исатайлықтармен әдемі ойын өрнегін көрсетіп, екінші орынға ие болды.

Ал, қыздар арасындағы волейбол ойынында үш мектептен (Б.Аманшин, Х.Досмұхамедұлы, Қаракөл) құралған құрама команда, алдымен Мақат, Жылой, Құрманғазы аудандарымен ойнап, барлығын 2:0 есебімен ұтты. Ақтық сында махамбеттік қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, І орынға ие болды. Ал, команда ойыншылары Ақбота Жұмабай, Айзада Алмасқызы, Мәдина Тәттібай, Алтынай Сүйін сынды оқушылар республикалық ойынға жолдама алды. Оқушыларды осындай жарыстарға дайындаған жетекшілері Шынар Күзеубаева, Рашид Көшкінбаев, Айбол Ысқақов, Парасат Еменовтердің еңбегі зор. Жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларға алар асуларың көп болсын деген тілек білдіреміз.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521