Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қаракөлдіктер топ жарды

Өткен аптада, аудандық білім бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының спартакиадасы болып өтті. Миялы спорт кешенінде өткен дәстүрлі дода спорттың волейбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ түрлері бойынша өтті. Екі күнге созылған спартакиада расыменде тартысқа толы болды.

Әсіресе, алыс ауылдық округтен келген оқушылардың қимылы ширақ көрінді. Мәселен, үнемі соңғы лекте жүретін Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің ұлдар командасы волейболдан бірінші, баскетболдан үшінші орынды жеңіп алса, Қарабау орта мектебі шахматтан топ жарып, ұлдары волейболдан екінші орынға қол жеткізді. Бұл жолы спартакиадаға өз бабында келген қаракөлдіктер спорттың үш түрінен бірінші орынды жеңіп алып, 172 ұпаймен жалпы командалық есепте топ жарса, кенбайлықтар 135 ұпаймен екінші орынды иеленді. Олардан он ұпай төмен жинаған Миялы орта мектебі үшінші орынды қанағат тұтса, тайсойғандық және қарабаулық оқушылар үздік бестікті түйіндеді. Бұл спартакиаданы көре отырып алыс ауылдан келген оқушылардың аяқ алысына тәнті болсақ, бір жағынан аудан орталығында отырып, барлық материалдық-техникалық базасы қалыптасса да көш соңында қалған мектептерді көріп қынжылыс білдірдік. Өзіңіз қараңыз Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиясы командалық есепте сегізінші, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп тоғызыншы, Б.Аманшин атындағы орта мектеп ең соңғы орыннан көрініп отыр. Қысқасы, бұл дода қай мектептің салауатты өмір салтына көп көңіл бөліп отырғанын айқындап берді.

Дулат БЕРІК.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521