Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тоғызқұмалақшылардың тұғыры биік

Таяуда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Атырау қаласында ұлттық ойын тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өтті.

Оған 17-19 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар қатысып, реттемелі швейцарь жүйесі арқылы ойын кезегін анықтады. Жалпы жарысқа аудан бойынша сегіз адам қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында қызылқоғалық команда мүшелері жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, 19 жасқа дейінгі ұлдар арасында Махамбет Жаңбырбай ІІ орынды иемденсе, қыздар арасындағы ойында Нұрай Ерланқызы мен Гүлхан Сарбасбай ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерді жарысқа дайындаған жаттықтырушысы Шынар Күздеубаеваның еңбегін ерекше атап өткен жөн. Бұған қоса, жасөспірімдер арасында өткізілген тоғызқұмалақ ойынының аудандық жекелей біріншілігі қорытындыланды. Жарысқа қатысушылар IgGamecenter.com сайтында кездесіп, жекелей сынға түсті.

Қорытындысында, қыздар арасында Інжу Нұржанқызы мен Ақторғын Мыңбай жеңіске жетсе, Гүлхан Сарбасбай мен Бибінұр Қоңыр ІІ орынға ие болды. Ал, Іңкәр Тілекқабылқызы мен Назира Жәрдемғалиева ІІІ орынды иемденді. Сондай-ақ, Сағыз ауылдық округінен қатысушы Бақберген Әйіп, тасшағылдық Бағытжан Серікқали, Ізбасар Болаттар үздіктер қатарынан көрінді.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT