Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, үстел теннисінен ерлер арасында ұйымдастырылған аудандық лиганың бірінші кезеңі қорытындыланды.
Ойын нәтижесінде, ұтқыр ой, ұтымды әдіс жасай білген миялылық Думан Жекенов жарыс жеңімпазы атанса, көздіғаралық Қуандық Маратов ІІ орынды, Жангелдиндік Ришад Қабдолов ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан медальдар мен диплом табыс етілді. Лига жыл бойына жалғасады.
Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА