Таяуда Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Оған еліміздің барлық облысынан 200-ге жуық балуан қатысты. Байрақты додада 38 келіде белдескен көздіғаралық Азамат Дәулетбай алғашы белдесулерінде Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы балуандарын ұтып финалға шықты. Ақтық сында Түркістан облысының балуанымен белдескен Азамат оның да жауырынын жер иіскетіп, ел чемпионы атанды.
Осы орайда, жас балуанның чемпион атануына сүбелі үлес қосқан Қызылқоға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Көздіғара бөлімшесінің жаттықтырушысы Жарасқан Ізімқұловтың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.
Дулат МӘТЖАН