Таяуда Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туған ұлдар және қыздар арасында жекелей ашық онлайн турнир өтіп, бұл сайыста аудан тоғызқұмалақшылары жүлдегерлер қатарынан табылды.
Play.ok сайтында өткен жарыс нәтижесі бойынша 2007-2008 жылы туған жасөспірім қыздар арасында Рауан Сисенғали екінші орын иеленсе, 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Іңкәр Тілекқабылқызы үшінші орынды жеңіп алды. Ал, Ақторғын Мыңбай болса бірінші орын мен кубок иегері атанды. Сондай-ақ, ең жас тоғызқұмалақшы Інжу Нұржанқызы да бірінші орынды жеңіп алып, мерейі үстем болды.
Осы орайда, тоғызқұмалақшыларды аталмыш жарысқа дайындаған жаттықтырушы Шынар Күздеубаева екендігін айта кетейік.
Айымгүл АСЫЛБЕК