Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан аяқдопшылары сынға түсті

Кеше 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық Мəдениет, тілдерді дамыту, спорт жəне дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.

Оған құрамына қарай біріктірілген 10 команда қатысып, өзара ең мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысымен аудандық полиция, қорғаныс бөлімі, күзет бөлімі қызметкерлерінен құралған «Барыс» командасы бірінші орынға ие болса, Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің Қызылқоға бөлімшесі қызметкерлерінен құралған «Айбын» командасы екінші орынды, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Намыс» командасы үшіншы орынды иемденді.

Сондай-ақ, ойын кезінде шебер ойындарымен көзге түсіп, ерекшеленген Төлепов Абзал «Үздік ойыншы», Қуанов Мақсат «Үздік шабуылшы», Гумаров Рүстем «Үздік қақпашы» атақтарына ие болды. Жеңімпаз команда мен үздік ойыншылар аталмыш бөлім атынан диплом жəне медальдармен марапатталды.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521