Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ала допты алақанда ойнатқандар

Жақында Миялы спорт кешенінде Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қыздар арасында волейболдан аудандық біріншілік өткізілді.

Бұл жарыстың басты ерекшелігі – қатысушы командаларға қазақтың батыр қыздарының есімдері беріліп, жарыс солардың рухының құрметіне ұйымдастырылды.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде Әлия Молдағұлова атындағы команда бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Мәншүк Мәметова атындағы командаға бұйырды. Жүлделі үшінші орынға Хиуаз Доспанова атындағы команда табан тіресе, Томирис командасы «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымымен марапатталды. Сондай-ақ, дүбірлі доданың үздіктері де марапаттан кенде қалмады.

Атап айтқанда Ханбибі Макарова «Үздік жас волейболшы», Ақбаян Аманжолова «Үздік байланыстырушы», Іңкәр Алмасқызы «Үздік қорғаушы», Айкөркем Қанатқызы «Үздік шабуылшы» атанса, Жарыстың «Үздік ойыншысы» болып Сәулет Жанболатқызы танылды. Жүлдегерлер мен үздік ойыншыларды бөлім басшысы Асқар Ақтаев марапаттап, диплоамдар мен медальдар табыс етті.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT