Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теннисшілердің тұғыры биік

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Атырау қаласында таяуда өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында үстел теннисі мен шахматтан облыстық турнирге қатысқан аудан спортшылары жүлделі орындарды иеленді.

Атап айтқанда, «Мұнайшы» спорт кешенінде өткен үстел теннисінде жекелей сында 8-9 класс бойынша миялылық Базарбай Теміржан І орынды жеңіп алса, абсалюттік сайыста ІІІ орынды иеленді.

Ал, командалық есепте 9-10 класс бойынша сынға түскен Базарбай Теміржан мен Елтай Есжанов (Миялы а/о.) ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, кәсіпқой бокс клубында ұйымдастырылған шахматшылар сайысында жамбылдық Әділғали Қосаев ІІ орынға қол жеткізді. Бұл ретте, спортшыларға жетекшілік еткен Ғабит Сәрсенғалиевтің еңбегі зор екендігін атап өткен жөн.

 

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521