Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Амангелді қарсылас шақ келтірмеді

Жақында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті.

Оған талай жылдан бері ала тақтаны серік қылып жүрген қарттар бас қосып, өзара мықтыны анықтады. Облыстық ардагерлер кеңесі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ғ.А.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен алтыншы рет өткен турнирге қатысқан 25 шахматшының 4-еуі шахматтан спорт шеберлігіне үміткер екенін айта кеткен жөн.

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей тартысты өткен ойын нәтижесінде аудан намысын қорғаған көздіғаралық ардагер шахматшы Амангелді Сақтағанов І орынды жеңіп алды. Үздік ойын өрнегін көрсетіп, ойының ұшқырлығын тағы бір мәрте дәлелдеген жерлесіміз арнайы дипломмен, медальмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521