Серік Шәпкенов волейболдан ел чемпионатында топ жарған атыраулық спортшыларды қабылдады

Аймақ басшысы Тараз қаласында өткен  ерлер арасында XXX ел чемпионатында топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген «Атырау» волейбол командасын құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нағыз шеберлік пен командалық біртұтастық көрсеткен ойындарыңыз болды. Біз сіздермен мақтанамыз, деді Серік Шәпкенов.

Аймақ басшысы чемпионаттың үздік ойыншысы атанған 6 спортшы мен командаға алғыс хат табыстады. Ал спортшылар облыс әкіміне кубок, медаль және ойыншылардың есімі мен қолтаңбасы бар допты естелікке сыйға тартты.

Айта кетейік, жерлестеріміз 12-17 сәуір аралығында Тараз қаласында ерлер арасында XXX ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Ақтық сында  «Есіл» командасын 3:0 есебімен ұтты. Атыраулық команда араға төрт жыл салып ел чемпионы атанды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика