Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Спортшылар ұлықталды

Өткен аптаның сенбісі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан спортының дамуына еңбегі сіңген жаттықтырушылар мен спортшыларды ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынды ашқан аудан әкімі Арман Баженов алдымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауданның Құрметті азаматы Мәлік Сүлейменовті мерейлі 63 жасымен құттықтап, Құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс етті. Содан кейін, талай дарындарды тәрбиелеген, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, мұқырлық Марат Әбдуалиевтің кеудесіне Қазақстан Республикасы Дзюдо федерациясының «Дзюдо тарланы» төсбелгісін тағып, оны да аудан әкімінің құттықтауы және естелік сыйлықпен марапаттады. Сондай-ақ, Астана қаласында өткен белбеу күресінен ел чемпионатында топ жарған Думан Мүтішов пен Атырауда қазақ күресінен ел кубогын сарапқа салған байрақты бәсекеде алтыннан алқа тағынған Нұрболат Ізімғалиевтарды ұмытпаған аудан басшысы, оларға толағай табыстар тілеп, Алғыс хат табыс етті. Мерейді өсірер марапаттан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин, мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, белгілі жаттықтырушы Бимырза Тайжановтар құттықтау сөз алып, марапат иелеріне жылы лебіздерін арнады.

Дулат БЕРІК.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521