Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік қызметкерлер бақ сынады

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық спартакиада өтті.

Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Жемқорлыққа жол жоқ» ұранымен өткен жарысты аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев құттықтау тілекпен ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін, спортшылар төрт командаға бөлініп, спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі, дойбы, тоғызқұмалақ түрлері бойынша сынға түсті. Тартысты да, қызықты өткен жарыста жалпы командалық есепте «Достық» командасы топ жарса, «Барыс» командасы екінші, «Жігер» командасы үшінші орынды жеңіп алды. Жарыста үздік ойынымен көзге түскен Аязбай Оразов, Сәнімгүл Жұбаева, Алмагүл Ғазезова, Әсем Қаленова, Дина Әнетова, Рақымжан Бауыржанұлы, Дастан Қожахметовтер «Үздік ойыншы» атанды. Аталмыш додада жеңімпаз атанған спортшылар мамыр айында Атырау қаласында өтетін облыстық спартакиадада аудан намысын қорғайтын болады.

Дулат МӘТЖАНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521