Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА - ЖЕЛАЯҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР

Бүгін Миялы ауылында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында жүгіруден жарыс өтті.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында,  «Балалар жылын» насихаттап, балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында өткен сайысқа Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы мен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары қатысты. 2000 метрлік жарыс жолында  Нұртілек Бағыт (7-сынып) бірінші болып мәре сызығын қиса, Айсұлтан Зайнолла (7-сынып) екінші орынды,  Мансұр Дауылбай (7-сынып) үшінші орынды (үшеуі де Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясынан) иеленді. Ал, қыздар арасында Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Ақбота Әбдіғали бірінші орынға, Данила Мәдиқызы (7-сынып, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп) екінші орынға,  Орынхан Қанатбайқызы (7-сынып, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы) үшінші орынға қол жеткізді.

7792bac0-1eb9-49f0-9ecf-9a0a6fef4bb4

Жеңімпаз- жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан арнайы медал,  диплом,  естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521