Жақында Талдықорған қаласында джиу-джитсу спортынан ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионат екі күнге созылып нәтижесінде Атырау облысының құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль еншілеп қайтты. Жарысқа спортшыларды Айбар Есенғалиев бастап барды. Бұл ретте, қызылқоғалық спортшыларда жүлдегерлер қатарынан көрініп, аудан, облыс намысын абыроймен қорғады.
Айталық, команда сапында болған сағыздық жас спортшы Ғибрат Әмірше 56 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлде иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Ал, осы жарыста миялылық Ақниет Ғабит, до-система бағыты бойынша сағыздық Батырбек Сағытжан, Ыдырыс Ноғайбайлар ІІІ орынға қол жеткізді. Осы орайда, спортшыларды жарысқа дайындап, шеберлігін шыңдауда өзіндік үлес қосып келе жатқан Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі зор.
Гүлмира МАҚСОТ